Меню

07
Дүйсенбі,
Сәуір
9
Шәууәл
1446 һижри

Адамда күпірге де, иманға да апаратын қабілеттер бар

Адамда күпірге де, иманға да апаратын қабілеттер бар

Иман келтіру

Әр адамның бойында күпірге де, иманға да апаратын қабілеттер бар.

Өйткені адамның бойында Алланың барлық көркем есімдері көрініс тапқан. Ешкімнің иманды болуға кепілдігі жоқ. Алланың «Мұдилл» сипаты келіп құлдың астан-кестенін шығарады. Сол үшін де Жаратқан Ие «Тек мұсылман болған күйде жан тапсырыңдар!» деп бұйырады.

Ол үшін мүмин үнемі қорқыныш пен үміт халінде жүруі керек. яғни иманын жоғалтып алудан сескеніп жүруі тиіс. Қарұн Алланың «Һәди» есімінің нығметін татқан еді. Соңғы кездерде малына сенді, малына сиынды да Алланың кәріне душар болды. Сонда «Мұдилл» сипатының дәмін татты. Ал Мұса пайғамбармен белдескен сиқыршыларға басында Мұдилл сипаты төніп тұрған жерден, сондай бір жағдай болып, Һәди сипатына алмастырылды. Барлығы да һидаят тауып барып, жан тапсырды. Олай болса, тар жол, тайғақ кешудеміз. Табанымыздың асты тайғанақ. Алла Тағала табанымызды тура жолда мығым етсін.

материал Осман Нұри Топаштың «Махаббат бағынан гүл көшеттері» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: