27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Сабыр – дүниеде ащы, ақыретте тәтті нәрсе

Сабыр – дүниеде ащы, ақыретте тәтті нәрсе

Иман келтіру

Сабырдан қиналған кезімізде Нұх пайғамбардың аләйһиссәләм 950 жылдық сабырын ойлауымыз керек.

Біздің сабырымыз қаншаға жетеді? нух пайғамбар мен өзімізді алып, салыстырып көрелік. Оған неше түрлі золық, зомбылықтар жасалды. Сан рет сөгіс естіді, қаншама таяқ жеді. Бірақ сабырдан танбай уағыздады. 950 жыл өткеннен кейін қараса, енді иман келтіретін түрлері жоқ.

«Я, Рабби! Мен таусылдым, Сен көмектес!» деді. Сосын Пайғамбарымыздың ұлы сабыры жайында ойланайық. Оның өмірінде ешкімге төзе алмаушылық жоқ, өзіне тас атқылағандардың өзін қарғауға дәті бармаған пайғамбар. Содан кейін бәрінен де ұлық Алланың сабырын ойлайық. Алланы жоққа шығарып, Алланың атына сөгіс айтқан адамдар Оның мүлкінде емін-еркін тайраңдап жүр. Оның берген нығметтері өңештерінен өтіп жатып, Алланы жоққа шығаруда, бас көтеруде. Алла соның бәріне сабыр көрсетуде.

Сабыр өте қиын шаруа. Дүниелік көзбен қарағанда өте ащы болғанымен, ақырет тұрғысынан қарағанда өте тәтті нәрсе. Алла Тағала: «Сабырлы құлдарды сүйіншіле!» дейді. Сабырдағы басты мәселе – істің басында сабыр көрсете білу. Аяғына қарай өзі де жұмсарып, оңайласып кетеді. Сабырлық танытуға қиналған кезімізде дәрет алып, екі рәкағат намаз оқып, Раббымызға жалбарынуымыз қажет.

материал Осман Нұри Топаштың «Махаббат бағынан гүл көшеттері» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: