29
Жұма,
Наурыз

һижри

Ойды дұрыс жеткізбеу және түсініксіз сөйлеу

Ойды дұрыс жеткізбеу және түсініксіз сөйлеу

Иман келтіру

Әбу Һурайрадан (Алла разы болсын): «Алла елшісі (с.ғ.с): «Егер бір адамның «Адамдар құрыды» деп айтқанын естісеңдер, онда ол өзі олардың ішіндегі ең құрығаны», — деген (Муслим).

Бұл хадис өзіне тамсанып, басқа біреуді төмен санаған адамға қатысты айтылған. Ал егер адамдардың ішінде ең кішіпейілі болып осылай сөйлесе, еш айыбы жоқ. Имам Мәлик осылай түсіндірген.

Хузайфадан (Алла разы болсын): «Пайғамбар (с.ғ.с): «Алланың қалағаны және пәленшенің қалағаны» деп айтпаңдар, алайда «Алланың қалағаны, сонан соң пәленшенің қалағаны» деп айтыңдар», – деген (Әбу Дәуід).

«әс-Сиражия» кітабында: «Адам әкесін есімімен шақыруы және әйел кісі күйеуін есімін атап шақыруы мәкруһ», – деп айтылған («әд-Дурр әл-мухтар», 418-бет).

Саһл ибн Ханифтан (Алла разы болсын): «Пайғамбар (с.ғ.с): «Ешбіреуің «Жаным жиіркенді» деп айтпасын, алайда «Жаным жалықты» деп айтсын», – деген (Бухари, Муслим).

Алла елшісі (с.ғ.с): «Өздеріңді ақтамаңдар!» – деген (Муслим).

 материал «Әз Пайғамбар хақ жолы» кітабынан алынды,

 ummet.kz


Бөлісу: