19
Жұма,
Сәуір

һижри

Бүкіл болмысымен Аллаға бағышталудың жолы қандай?

Бүкіл болмысымен Аллаға бағышталудың жолы қандай?

Иман келтіру

Нәпсінің кезекті кемшілігі – (ақыретке деген) бейқамдық, (сауапты істер жасауда) сылбырлық, күнә жасаудан тыйылмау, (игілікті істі) кешеуілдету, (дүниеге деген) дәмегөйліктің бойын билеуі және ажалы келмейтіндей көру.

Бұл кемшіліктен арылудың жолы:

Мен Хұсейн ибн Яхиядан естіген едім. Ол Жағфар әл-Хулдидің айтуынан, бір мәжілісте Жунейд әл-Бағдадиға (Алла рақымына алсын) «Бүкіл болмысымен Аллаға бағышталудың жолы қандай?» деген сауал қойылғандығын естіген екен.

Жунейд (Алла рақымына алсын): «Күнәдан тыйылмаудың орнын басатын шынайы тәубемен, (игілікті істі) кешеуілдетуді құртатын (Аллаға деген) қорқынышпен, (дүниеге деген) дәмегөйлікті тежеп, сауапты істердің арналарына итермелейтін үмітпен, әрдайым Алланы зікір етумен, ажалының жақын екендігін нәпсіге зәбір көрсетіп ұғындырумен және (дүниеге деген) дәмегөйлікті (бойынан) алшақтатумен жүзеге асырады», – деп жауап қатады.

Жунейдтен (Алла рақымына алсын): «Бұл деңгейге пенде қалай жетеді?» – деп сұрайды. Жунейд (Алла рақымына алсын): «Шынайы таухид орныққан дара жүрекпен жетеді», – деп жауап қайырған екен.

материал «Нәпсі дертінің дауасы» кітабынан алынды,  

ummet.kz


Бөлісу: