26
Жұма,
Сәуір

һижри

Ашу қысқанда қандай дұға оқыса болады?

Ашу қысқанда қандай дұға оқыса болады?

Иман келтіру

Ашуымды қалай жеңсем болады? Ашу қысқанда қандай дұға оқыса балады?

Алла елшісінің сүйікті жұбайы Айша анамыз (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Маған Алла елшісі келді. Мен ашулы едім. Ол мұрнымның ұшынан ұстап қысыңқырады да маған: «Ей, Айшам былай деп айтқын» деді: «Аллам менің күнәмді кеш! Жүрегімнің ашуын кетір! Шайтаннан құтқар!».

Дұғаның арапшасы: «Аллаһуммағфир зəнбий уә әзһиб ғойзо қолбий, уә әжирний минәш шайтан!» (Имам ән-Нәуәуи: «әл-Әзкәр».  №901 хадис).

Демек бойын ашу қысқан адам, әуелі «Әғузу билләһи минәш шайтанир ражим» дейді де аталмыш дұғаны оқиды.

материал «Заман тудырған сұрақтар, І том» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: