19
Жұма,
Сәуір

һижри

Мүминнің күлімсіреуі – жүзінде, мұңы – жүрегінде

Мүминнің күлімсіреуі – жүзінде, мұңы – жүрегінде

Иман келтіру

Барлық бұл ақиқаттарға қарағанда мүминнің көңілінде белгілі мөлшерде мұң мен қайғының болуы тиіс. Сонымен қатар көңілі мұңлы, қайғыға батса да, жүзі тәтті күлімсіреп жайнап тұруы керек.

Расында Хазіреті Әли (р.а) былай деген: «Мүминнің күлімсіреуі – жүзінде, мұңы – жүрегінде». Яғни, кәміл мүминдердің мұңы мен көз жастары өз құлшылықтарындағы қате-кемшіліктерін ойлағандықтан көзден таса, оңаша, әсіресе таң сәріде көрініс табады. Олардың бұл ішкі жан дүиелерін сын тезіне салып, өз қателіктерін ойлай отырып, төккен көз жастарымен көңіл айналарын жууы жүздеріне шағылысқан нұрдың бастауын да құрайды.

Мәуләнә Хазірет Хақ достарының жүздеріндегі нұрдың хикметін тамаша түсіндірген: «Мен өз жүзімді көрмеймін. Бірақ сенің жүзіңді көремін. Сен де өз жүзіңді көрмей, менің жүзімді көресің. Өз жүзін көре алатын адамның нұры халықтың нұрынан көп болады». Яғни, жүздегі нұрдың себептерінің біреуі – адамның өз күйіне мән бере қарай білуі, басқалардың кемшіліктерінен бұрын өз кемшіліктерін көре білуі. «Нәпсісін білген Раббысын да біледі» – сырына ерген арифтердің жүздеріндегі нұрдың қайнар көзі де осы. Сондықтан «Адамның өз кемшілігін білуінен артық парасаттылық жоқ» – делінген.

Абдүлқадыр Гәйлани Хазірет былай дейді: «Мүмин адам өзгелерге жүзімен қуанышты екенін көрсетеді. Бірақ, өзі қайғылы... Мүминнің ойлауы, жылауы көп, күлкісі аз. Күлімсірей тұрып, жүрегіндегі мұңды жасырады. Сырттай күнкөрісін қамтамасыз етумен шұғылданған болып көрінеді. Алайда, жүрегі Раббысын еске алуымен болып тұрады. Бала-шағасын ойлаған болып көрінеді, бірақ жүрегі Раббысымен бірге»

«Әуесқойлықты, құтырғандықты, азғындық пен дүниеқұмарлықты доғар! Қуанышың мен күлкіңді азайт! Мұңлы бол! Біліп қой, Хазіреті Пайғамба- рымыз басқалардың жүрегін рахатқа бөлеу үшін күлімсірейтін...»

Адамның шектен тыс күлуі – шектен шығуы. Бұлт басқандай жүзін тыржитуы да кемшілік, ол да шектен шығушылық. Осы екі жағдай да мүмин жандар үшін рухани бәлекет. Бұның ортасы және ең құпталғаны – күлімдеу.

материал «Хақ достарының үлгілі мінез-құлқы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: