24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Алланың берген нығметін азсынба!

Алланың берген нығметін азсынба!

Иман келтіру

Дүниенің құлы болған дәулеттілердің құзырына кіруді азайт!

Себебі олардың құзырына кіру, сән-салтанатына назар салу сенің көзіңде Алланың саған берген нығметтерін кішірейтеді. Солай болғандықтан Алла Тағала пайғамбарына(с.ғ.с): «Әрі олардың (кәпірлердің) кейбіріне сынақ үшін берген түрлі қызықтарға – дүние тіршілігінің (өткінші) көркемдігіне көзіңді сүзбе! Раббыңның саған берген ризығы (нығметі) әлдеқайда қайырлы һәм баянды!» – деп айтқан («Таһа» сүресі, 131-аят).

Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа да (с.ғ.с): «Өзіңнен төмен кісіге қара! Өзіңнен жоғары кісіге қарама! Осылай істеу Алла Тағаланың саған берген нығметтерін азсынбау тұрғысынан дұрысырақ», – деген (Муслим).

Тіпті, дүниенің титтей бөлігіне бола уайымға салынба! Әйгілі уағызшы, ғұлама Яхия ибн Мұғаз (Алла рақымына бөлесін): «Дүние – фәни. Бір сәттік уайымға салынуға тұрмайды. (Осының барлығын біле тұра һәм) дүниеден бұйырар нәсібің аз бола тұра ғұмыр бойы дүние үшін уайымға салынуға бола ма?» – деген екен.

материал ««Нәпсі дертінің дауасы»» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: