27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Нәпсі тәрбиесі: Нәпіл амалдарды көп жасау

Нәпсі тәрбиесі: Нәпіл амалдарды көп жасау

Иман келтіру

Парыз амалдардан кейінгі нәпсіні тазартып, Алла Тағаланың сүйіспеншілігіне жетелейтін істердің кейінгісі – нәпіл амалдар.

Адам баласына міндет етілген амалдардан бөлек атқарылатын нәпіл амалдар пенденің өз ықтиярымен атқарылатындықтан, ол оның Жаратушысына деген сүйіспеншілігінің дәлелі саналады. Сол үшін бұл іс Жаратушының да пендесіне деген сүйіспеншілігіне алып келеді. Құдси хадистің жалғасында: «Кейін құлым Мен оны жақсы қалғанымша, нәпіл ғибадаттармен Маған жақындай түседі», – делінген.

Нәпіл амалдар парыз етілген амалдардың кемшілігін толтырумен қатар парыз амалдарға деген салғырттықтан сақтайды. Себебі парыз амалдарды бекініске теңесек, нәпіл амалдар сол бекіністің қорғаны іспеттес. Қорғаны алынатын болса, бекіністің тез алынып қоятындығы сияқты нәпіл амалдарды тұрақты атқаратын адамның парыз амалдарын тастатып қою шайтан үшін өте ауыр болмақ. Осы себепті де нәпсісін тәрбиелеуді мақсат еткен адам күнделікті парыз амалдарды атқарудан бөлек тәһажуд намазы, дұха намазы, дәрет алғаннан кейін екі рәкағат намаз, дүйсенбі және бейсенбі күндерінің оразасы сияқты т.б. нәпіл амалдарға ден қойғаны дұрыс.

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: