19
Жұма,
Сәуір

һижри

Алла Тағалаға құлшылық етушілердің үш түрі

Алла Тағалаға құлшылық етушілердің үш түрі

Иман келтіру

Әбу Бәкір (р.а) былай деген екен:

«Алла Тағалаға құлшылық қылушылар үш түрге бөлінеді:

Біріншілері – Алла Тағаладан қорқып құлшылық етеді.

Екіншілері – рахымынан үміт етіп ғибадат қылады.

Үшіншілері – Алла Тағалаға деген махаббатпен ғибадат етеді.

Біріншілерінің үш сипаты бар: өзін-өзі төмен санайды, жақсылығын аз деп есептейді, жамандықтарын көп деп ойлайды.

Екіншілерінің де үш белгісі бар: әрбір жағдайларында адамдарға үлгі болады, дүниеде малмен жомарттық жасауда адамдардың бәрінің алдында болады, халайықтың ішіндегі Алла Тағала туралы ең жақсы ойлайтыны болады.

Үшіншінің де үш сипаты бар: Алла Тағаланың разылығы үшін ештеңеге мән бермей, өзінің ең жақсы көретін нәрсесін садақаға береді, Алла Тағаланың разылығынан соң өзін-өзі қатты сынайды, барлық істерінде, жақсылыққа бұйыруы мен жамандықтан тыюында өзінің Иесімен бірге болады».

материал «Қайтар күнге дайындық» кітабынан алынды,

ummet.kz 


Бөлісу: