26
Жұма,
Сәуір

һижри

Пенде туыстық қатынастарды сақтамайынша мүмін болмайды

Пенде туыстық қатынастарды сақтамайынша мүмін болмайды

Иман келтіру

Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:

«Пенде жерде болсын, аспанда болсын туыстық қатынастарды сақтамайынша мүмін болмайды. Мұсылман болмайынша туыстық қатынастарын сақтай алмайды. Қашан басқа адамдар оның қолы мен тілінен сау болмайынша мұсылман бола алмайды. Қашан білімді болмайынша мұсылман бола алмайды. Білгеніне амал жасамайынша білімді болмайды. Тақуа болмайынша білгеніне амал жасай алмайды. Харамдардан сақтанбайынша тақуа бола алмайды. Кішіпейіл болмайынша сақтанғыш бола алмайды. Қашан өзін-өзі танымайынша кішіпейіл бола алмайды. Сөзі түзелмейінше өзін-өзі танымайды».

Яхия ибн Мұғаз ар-Рази деген ғұлама бір дүниеқұмар фақиһты көріп былай депті:

«Ей, білім мен сүннетке ие болушы!  Сарайларың Цезарьдың сарайындай, үйлерің Хосраудікіндей, тұратын жерің Қарун байдікіндей, дарбазаларың Толон патшанікіндей, киімдерің Жалұт патшанікіндей, мазһабтарың шайтани, жоғалтқан нәрселерің дию-перінікіндей, биліктерің перғауындікіндей, қазылық-төреліктерің парақор, жемқорлардікіндей, өлімдерің жәһили.  Ал, сонда мұхаммади сипаттарың қайда?».

Сосын ол былай депті:

Ей, Раббысына мінәжат етуші әр уақта,

Талапкердің шын отаны жәннатта.

Жылдан жылға шегересің тәубені,

Көп жасауға кепілдігің бар ма еді?

Оразамен өткізсең егер күніңді,

Намазбенен өткізсең егер түніңді,

Азайтсаң солай ішіп-жеміңді,

Сонда ғана күшейтерсің сенімді.

Раббыңнан жетер сонда керемет,

Разылығына жетсең, басқа не керек?

материал «Қайтар күнге дайындық» кітабынан алынды,

ummet.kz 


Бөлісу: