29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Сен уайымсыз өмірге лайықсың!

Сен уайымсыз өмірге лайықсың!

Иман келтіру

Бастығың сені жақсы көреді делік, алайда бір уақытта жұмыс орныңдағы өзің секілді қызметкер келіп: «сені жұмыстан шығарамын» деп қорқытса, оны мазақтап күлсең де сені ешкім сөкпейді.

Керісінше, мекеме басшысы сенің сол қызметкерге қатысты сұраған талабыңды орындайды, тіпті кез-келген өтінішіңді қабыл етеді. Ал егер сол сәтте қандай да бір қорқыныш не үреймен жауап қайтаратын болсаң, ел сені ақымақ немесе жынды деп ойлауы әбден мүмкін. Тіпті олардың айтқаны дұрыс болып шығады. Енді қара, мекеме басшысы сені жақсы көретін жақының болса, несіне уайымдайсың?!

Кейде өміріңдегі үлкенді-кішілі қиындықтарыңды шешіп беретін адам болғанда ғой деп қиялдап кетесің. Мысалы, қалаған қызметіңе тұрғызып, шаршатып жіберген қарызыңды төлеп және отбасыңдағы кикілжіңдерді шешіп бере алатын кісі бар дерлік... Ол адам саған жақын болса әрі сені жақсы көретін болса, өмірің қандай болар еді? Егер сондай адам бар болса онда қорқудың, уайымдаудың немесе қайғыға салынудың түк қажеті жоқ, өйткені бірдеңе бола қалса, сол кісі оны шешіп бере салады.

Білесің бе? Сен лайық болған өмір – дәл осы айтылған өмір!

Қорықпай, алаңдамай сүретін қайғы-қасіретсіз өмір... Иә! Алла саған Онымен байланысыңды дұрыстасын деп бойұсынғаныңды қалады және Ол саған жеткілікті. Сені жақсы көретін бастығың сені қорқытып, саған қауіп төндірген қызметкерді қуып жібергені секілді әлемдердің Раббысы сені дәл солай жақсы көретін болса, онда саған Алла жеткілікті болмай ма?

материал «Мүмкіндік» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: