29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Аллаға жақын құл болудың қандай жолдары бар?

Аллаға жақын құл болудың қандай жолдары бар?

Иман келтіру

Әрине, кез келген мұсылман үшін ең ұлы мұрат – Жаратқан Иеміздің сүйіспеншілігіне бөлену. Сондықтан әр кездің бұл дәрежеге лайық болып-болмағандығын білгісі келуі заңды. Бұл мәселені пенделердің ақылы мен қалауына тапсырсақ өлшемдер әр қилы көрініс табады. Хақ Тағала мұны білудің өлшемдері мен талаптарын Құран кәрім және пайғамбар сүннеті арқылы тәлім еткен.

 

Бірде Алла елшісі (с.ғ.с.):

-  Күдіксіз, адамдар арасында Алланың ең сүйікті құлдары бар, - дейді. Сахабалар:

-  Уа, Алланың елшісі, олар кімдер? Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

-  Олар – Құранның адамдары, Ақиқаттың адамдары, Алланың адамдары, Алланың шынайы құлдары, - деп жауап береді (Ибн Мәжа, «Мукаддима» 16).

Махмуд Салин деген кісі осы жайлы мынадай оқиғаны айтады: «30 жыл бұрын өзім тұратын қалада бір кісі қайтыс болды.  Оны Құранның адамы деп айтуға болатын еді. Ол жерленген соң сол жерде көлік өтетін жол салыну керек болады. Мәйітті ашқанда олар қатты таңқалады. Себебі мәйіт сол күйі сақталыпты. Ораған ақ мата да әппақ және таза күйінде екен. Осы оқиға Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына хадисіне дәлел болса керек: «Алла жерге Құранның адамдарының денесін бұзбауды бұйырған» (Дайләми, 1,284/1112;  Әл Муттаки 1,555/24,88).

Әбу Язид әл-Бистами жайлы мынандай бір оқиға айтылады. Аллаға құл болудың барлық жауапкершілігін толық сезіне өмір сүрген әл-Бистами бір күні былай деп жалбарынады: «Уа, Алла Тағалам, саған қалай жақындасам болады?». Сол кезде тосыннан мынандай дауыс естіледі: «Маған менде жоқ нәрсемен ғана жақындай аласың». Бұны естіп таң-тамаша қалған әл-Бистами: «Уа, Раббым, сенде жоқ не болуы мүмкін?» деп сұрайды. Сонда мынандай жауап естиді: «Менде біреуге бас ию, мұқтаждық таныту, дәрменсіздік пен пақырлық жоқ!». Бұл «Құлым, сен өз әлсіздігің мен дәрменсіздігіңді мойындап, мұқтаж екеніңді сезініп, шын ниетпен бас ию арқылы маған жақындай аласың» дегенді білдіруде.

материал «Сүреден сүзілген маржан» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: