29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Өзіңіз алғыңыз келген үйді қолыңыздағы ақшамен есептемеңіз

Өзіңіз алғыңыз келген үйді қолыңыздағы ақшамен есептемеңіз

Иман келтіру

Аллаға тиісті ісіңізді яғни сіз алғыңыз келген 40 миллионның үйді қолыңыздағы 30 миллион теңгеге ғана қарап, мүмкіндік жоқ демеңіз.

Олай жасайтын болсаңыз, Алланың Әл-Хәсиб есімін өз ісіңізде белсендіре алмайсыз. Ол деген сөз, алғыңыз келген үйді қолдағы 30 миллион теңгемен ғана есептемеңіз. Тек ол үйді ала алатыныңызға Алланың құдіретіне сеніңіз, ол істі оған қалдырыңыз. Мүмкін, сол үйді ала алмассыз. Басқасын аларсыз. Алайда Алланың көмегінен үміт үзіп тастамау керектігін айтып отырмыз. Егер мүмкін десеңіз, мүмкіншілік есігін жаппаған боласыз өзіңізге. Ал: «Әй, жоқ, қайдан! Мүмкін емес! 40 миллионның үйін адам 30 миллионға беруші ме еді?» десеңіз, өзіңізге мүмкіндікті жапқан боласыз. Бұл – адамның өзіне сараңдығы. Ал егер сізге «біреу жетпей жатқан 10 миллион теңге берсе, міндетті түрде алар едім» деп сеніммен айтасыз ғой! Ендеше тіпті одан да күштірек сенімді Әл-Хәсиб болған Аллаға күшейтіңіз. Ол нәрседен күшті, әрі барлық нәрсеге құдіретті жетеді. Иман деген осы емес пе?

Айтқанымыздай, сізде 10 миллион пайда бола қалса да, алуға мүмкіндік болмай қалуы әбден мүмкін! Ойлаңыз, 10 миллионның күшін Алланың Әл-Хәсиб есімінен басым етіп жіберу арқылы тақуалықтан шығасыз. Өйткені ондай рызыққа ие болуыңыз үшін Алладан сауабын да, ол есептемеген ризыққа ие етеді деген ережемен жүзеге асады. Бұл ережемен кім жүрсе, ризық соған келеді. «Алладан сақтанса» дегеннің мағвнасы – Оның әлемге қойған жүйесіне іс жасаудан сақтану. Ол системаға келетін іс жасау адамның энергиясын тауысады. Ол ағысқа қарсы жүзу стяқты. Олай болса, алмақшы болған ризықты (үйді) Аллаға тапсыр. Өйткені оның Әл-Хәсиб «Жеткілікті» деген есімінің күші – саған жетпей тұрған 10 миллионның энергиясынан әрине күшті.

материал «Ризық» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: