06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Ұйқыдан оянып жатқан кезде нәпсіңмен кеңеспе!

Ұйқыдан оянып жатқан кезде нәпсіңмен кеңеспе!

Иман келтіру

Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі Американың ұлттық басқармасы NASAның хабарлауынша зымыран жерден көтерілетін сәтте бірнеше минуттар бойы орасан зор көлемдегі жанармай жұмсайды.

Өйткені жердің гравитациялық күшіне қарсы келу үшін орасан зор күш қажет. Ал ғарышқа көтерілген кезде ұшуына жұмсалатын күш әлдеқайда азырақ болады. Сол сияқты ол заңдылықтың саған да қатысты бар. Таң намазына оянған кезде ықылас пен ынтаң төмен болады. Осы кезде ұйқыдан басқа ешнәрсе керек болмай тұрады. Осылайша нәпсің мен шайтанның азғыруына төтеп беру үшін орасан зор күш жұмсалады. Алғашқы сәттегі қиындықты жеңсең, кейін бірталай жеңіл болады. Күш-құдірет Иесі болған Раббыңды еске алып ояна сала тұрып кетуге тырыс. Аяқтың жерге тиюі мидың оянуына сигнал береді. Орныңнан тұрып, жақсылап дәрет ал. Таң намазына әдемі деген киіміңді киіп, иіс су себін. Себебі сен барлық нәрсенің Иесі, патшалардың Патшасымен кездесуге барғалы жатырсың. Әдемі киім киіп, иіс су себінуің психологиялық тұрғыда ұйқы кезеңі аяқталып, жаңа күннің басталғанына сигнал береді. Оянып жатқан кезде нәпсіңмен кеңеспе!

Егер нәпсіңнің 10 минут ұйықтай тұр деген сыбырына еріп ұйықтасаң, оянған кезде одан да қатты шаршаңқы халде оянып, ешнәрсеге шамаң келмей қалады. Себебі ғалымдардың айтуынша, терең ұйқының циклі 1,5 сағат уақытты алады.

Ал оянған соң тағы да 10 минут ұйықтасаң, ми оны ұйқының жаңа циклі деп қабылдайды. 10 минут немесе 30-60 минуттан соң оянсаң ұйқы циклін толық бітірмеген боласың, яғни 1,5 сағатқа толмай қалады. Сол себепті де өзің оянсаң да миың ұйықтап жатқандықтан өзіңді шаршап тұрғандай сезінесің. Бұл нәрсе сенің ұйқыңның қанбағанынан емес, ұйқы гармонының бөлінуінен болады. Мүмкін бұл жағдай басыңнан өткен шығар. Оянып, ұйықтап, кейін тағы оянғанда ұйқың мүлде қанбағанын сезген шығарсың. Өйткені жаңа ұйқымен жаңа циклді бастап, оны толық аяқтамайсың, сол үшін ең жақсы шешім – оянғаннан кейін бірден тұрып кету.

материал «Мүмкіндік» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: