06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Күнәларды кетіріп, жүректерді тазартатын дәрі бар ма?

Күнәларды кетіріп, жүректерді тазартатын дәрі бар ма?

Иман келтіру

Хасан Басри (р.а) былай депті:

«Бірде мен Басра қаласының көшесімен бір тақуа жігітпен бірге келе жатыр едім алдымыздан дәрі сатып отырған кісі көрінді. Оның жанжағында ерлер мен әйелдер жиналып қалыпты. Әрқайсысының қолында бір-бір құты, өздеріне керекті дәрілерді сұрап, құтыларға құйып алып жатыр екен.

Қасымдағы жігіт сол дәрігерге жақындап барып: «Ей, дәрігер! Сенде күнәларды кетіріп, жүректерді тазартатын дәрі бар ма?» – деп сұрады. Сонда дәрігер: «Бері кел! Менен он түрлі нәрсе ал. Кедейлік ағашының суы мен кішіпейілділік ағашының суын ал. Оларды тәубенің ем суымен араластыр. Раббыңның разылығының диірменіне сал. Қанағаттың сүргісімен жон. Тақуалықтың қазанында қайнат. Оған ұяттың суынан қос. Мұны махаббат отымен қайнат. Сосын оны шүкірлік құтысына құй. Үміт желімен салқындат. Әлхамдының (Аллаға мадақ) қасығымен іш. Егер сен осы айтқанымды істесең осы дүниенің де, ақыреттің де барлық дерттерінен аман боласың», – деді.

материал «Қайтар күнге дайындық» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: