21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Нәпсінің кемшілігі: Мұсылмандарды жек көру

Нәпсінің кемшілігі: Мұсылмандарды жек көру

Иман келтіру

Нәпсінің кемшіліктерінің бірі – мұсылмандарды жек көруі. Оларға дандайсып, асқақтай қарауы. Оларға паңданып, тәкаппарлық көрсетуі.

Бұл кемшіліктен арылудың жолы:

1. Кішіпейілділікке қайта оралу.
2. Мұсылмандардың құқықтарының қасиетті екендігіне шын көңілден сену. Себебі Алла Тағала елшісі Мұхаммед Мұстафаға (с.ғ.с): «Ендеше, оларды (мұсылмандарды) ғафу ет һәм олар үшін кешірім тіле, сондай-ақ олармен әр істе кеңесіп отыр», – деп бұйырған («Әли Имран» сүресі, 159-аят).

Сонымен қатар Ібіліс малғұн душар болған жағдаятқа тәкаппарлықтың итермелегендігін ешқашан есіңнен шығармай біліп жүргейсің. Ол малғұн: «Мен одан артықпын. Өйткені Сен мені оттан жараттың, ал оны балшықтан жараттың», – деп айтқан еді («Сад» сүресі, 76-аят).

Пайғамбар Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) Қағбаға қарап: «Сен нендей ұлықсың! Сенің қасиетің де қандай ұлық! Бірақ Алланың құзырында мүміннің қасиеті сенен артық. Себебі Алла Тағала сені тек бір тұрғыдан қасиетті етті. Ал мұсылманды үш (тұрғыдан) қасиетті етті. Оның қанына, малына тиюге болмайды және ол жайында жаман ойлауға болмайды (яғни, Алла осы үш істі жасауды харам етті)», – де­ген (Ибн Мажа).

материал «Нәпсі дертінің дауасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: