24
Сенбі,
Мамыр

һижри

«Әй, балам! Барлық сөзің мен ісің Алла бұйырғандай болсын»

«Әй, балам! Барлық сөзің мен ісің Алла бұйырғандай болсын»

Иман келтіру

Имам Ғазалидің баласына айтқан өсиетінен:

«Әй, балам! Барлық сөзің мен іс-әрекетің шариғатқасай әрі Алла бұйырғандай болсын. Өйткені Мұстафа пайғамбардың үкімдеріне сәйкес келмейтін ілім мен амал адасушылық болып табылады және ол Алла Тағаладан алыстатуға себеп болады».

«Сенімді бол: Алла Тағалаға апарар жолға Оның бұйрықтарынсыз жете алмайсың. Сондай-ақ, сопылықтың шектен шығушылықтары мен бос қиялдары арқылы да бұл жолға жете алмайсың. Бұл жолға жетудің жалғыз амалы – шектен шыққан қиялдар мен бос сөздер арқылы емес, нәпсі қалаулары мен құмарлықтарын, өзімшіл артықшылықтарды тыю арқылы күресу. Егер сен жүрегің құмарлықтарға байланған, бейқам болса, бірақ жұмсақ сөздер айтып, жеңіл әрі жайлы күндер мен уақыттармен мақтанып, тілмен әдемі сөйлегеніңе алданып, өзіңді Аллаға жеттім деп ойласаң, бұл – бақытсыздық пен азаптың белгісі».

«Біліп қой: риякерлік адамның жүрегінде жаратылысты шектен тыс дәріптеуден пайда болады. Одан құтылудың жолы – жаратылыстың Алланың құдіретіне толықтай бағынышты екенін түсіну. Адамдар да жансыз заттар тәрізді, өз бетінше ешқандай күшке де, ерікке де ие емес, саған пайда да, зиян да тигізе алмайды. Егер осылай сенсең, бұл жүрек дертінен құтыласың. Бірақ егер жаратылысты дербес күшке ие деп есептесең, риякерлік сені ешқашан тастамайды».

материал «101 даналық» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: