14
Сенбі,
Маусым

һижри

Шәһәдатқа (иманға) зиян келтіретін іс-әрекеттер

Шәһәдатқа (иманға) зиян келтіретін іс-әрекеттер

Иман келтіру

Шәһәдатқа (иманға) зиян келтіретін іс-әрекеттер:

1. Алладан басқасына сүйеніп тәуекел ету.

Аятта айтылған: «Ант болсын, Алла бірталай жерде және Хунәйін соғысында сендерге жәрдем етті. Сол уақытта көптіктеріңе мәз болған едіңдер, бірақ сол көптіктерің сендерді ойсырай жеңілуден құтқара алмаған еді. Сондай-ақ жер жүзі бүкіл кеңдігімен сендерге тар келген еді…» («Тәубе» сүресі, 25-аят) Сондықтан құл « » яғни «Раббым! Тек қана саған құлшылық етеміз, тек сенен ғана жәрдем сұраймыз!» деген тәуекел сенімінде болуы қажет.

2. Иләһи әмір мен тыйымдарды орындамай нәпсінің артынан еру.

Алла Тағала айтады: «(Оларға) Алла сендерге Кітапты егжей-тегжейлі түрде түсірді ғой, сөйте тұра Алладан басқа төреші іздейін бе? (деп айт) Сондай-ақ біз кітап бергендер (еврейлер мен христиандар) Құранның Раббылары тарапынан түсірілгендігінің сөзсіз екенін біледі. Ендеше сен әсте күдіктенушілермен бірге болма!» тәмамдалған. Оның сөздерін өзгерте алатын ешқандай күш жоқ. Ол толық естуші, аса білуші». сеніп, артынан еретін болсаң, олар сені Алла жолынан адастырады. Олар тек болжауға ғана ереді, жалған ойдың етегінде ғана жүреді». білуде. Тура жолда жүргендерді де ең жақсы білетін Ол». («Әнғам» сүресі, 114-117 аяттар)

3. Ислам келтірген иләһи өлшеулердің бір бөлімін немесе барлығын ұнатпау.

4. Дүние өмірін ақірет өмірінен артық көріп осы фәни әлемді ең басты мұратына айналдыру.  Аят кәримде айтылады: «...Олар дүние өмірін ақіреттен артық көреді, Алла жолынан тосып қалып, оның күйреуін қалайды. Міне, осылар тым қатты адасуда». («Ибраһим» сүресі, 3-аят)

5. Алланың және Пайғамбарының халал (таза, адал) қылғандарын харам, харам қылғандарын халал деп санау. Хадис шәрифте айтылады: «Сендерге екі нәрсе қалдырамын. Бұларды мықты ұстанатын болсаңдар мүлде адасуға ұшырамайсыңдар: Олардың бірі Алланың кітабы Құран; екіншісі Пайғамбарының сүннеті».

6. Кәпір және мұнафықтарды өзіне дос тұтып, Тәухид Алла Тағала айтады: «Ей, иланғандар! Еврейлерді және Христиандарды өздеріңе дос тұтпаңдар, негізінде олар бір-бірінің досы. Сендерден кім оларға дос болса, сөзсіз ол да cолардың бірі. Алла зұлымдық жасағандарды тура жолға жеткізбейді».

7. Хазіреті Пайғамбарға құрмет көрсетуде кемшілік істеу. Оны негізгі құрамымен танымай, оған Алла тарапынан сыйланған ерекшеліктерді менсінбеу немесе қабылдамау. Оның адамзатқа ерекше үлгі-өнеге екенін қабылдамау. Оның сүннет жолын қабылдамау.

8. Серік қосуды ұнатып, таухидтен мазасы кету. Аят кәримде айтылады: «Алла біреу-ақ деп айтылғанда, ақіретке сенбегендердің жүректері жиреніп, тіксінеді. Ал қашан Алладан өзгелер айтылса дереу күлімдеп қуанады». («Зүмәр» сүресі, 45-аят)

Әлемдегі және адамзаттың өміріндегі оқиғалардың себептеріне Алланың қалауы деп түсініктеме берілсе, тәухидті қабылдай алмайтындар қабақтарын түйеді де, көңілдері түседі. Керісінше, түсініктеме берілсе, яғни себептер табиғатқа, кездейсоқтыққа т.б. нәрселерге байланыстырылса мәз-мейрам болып қуанады. Бірақ олардың осы жағдайларының кесірінен әлемдегі иләһи жоспар азап түрінде оралады. Аят кәримде баяндалады: «Адамдардың өздері істегендеріне байланысты құрлықта және мұхитта бұзықтық шығады да, Алла мүмкін олар жүрген теріс жолдарынан қайтар деп, істегендерінің кейбірін оларға таттырады». («Рум» сүресі, 41-аят)

материал «Ислам. Иман. Ғибадат» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: