08
Дүйсенбі,
Желтоқсан

һижри

Иман мен қиянатты бірге ұстай алмайсың

Иман мен қиянатты бірге ұстай алмайсың

Иман келтіру

Әй, адам баласы! Адамның адамдығы өтірік айтпауында, бауырларының ауыртпалықтарын көтере білуінде, айналасына жақсылық таратуында және көршілеріне кесірін тигізбеуінде.

Әй, адам баласы! Иман мен қиянатты бірге ұстай алмайсың. Көршіңе кесіріңді тигізіп жүрсең, қалай иманды боласың? Басқалар сенің сөзің мен ісіңнің зиянынан аман болмаса, қалай мұсылман боласың? Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қиянатшылдың иманы жоқ, опасыздың діні жоқ», – деп айтқан жоқ па еді?!

Әй, адам баласы! Өзіңде де бар айыпты басқалардың бетіне басатын болсаң, шынайы иманға қол жеткізе алмайсың. Ендеше, өз кемшіліктеріңді кетірумен айналыс. Біреуін кетірсең, тағы біреуін табасың. Сөйтіп, кете береді. Міне, осындай құлдарды Алла Тағала жақсы көреді!

материал «Хасан Басридың інжу-маржандары» кітабынан алынды,

ummet.kz 


Бөлісу: