09
Сәрсенбі,
Шілде

һижри

«Білгенімен амал еткендерге, Алла білмегендерін де үйретеді»

«Білгенімен амал еткендерге, Алла білмегендерін де үйретеді»

Иман келтіру

Хазіреті Мәулана: «Сырттай Құран Кәрімді бір сиясауыт сиямен жазуға болады. Ал, бірақ, қамтыған барлық сырларын баяндауға ұшы қиырсыз теңіздер сия, жер бетіндегі барлық ағаштар қалам болса да жеткілікті болмайды» - дейді.

Жоғарыда баяндалған аят пен хадистегі сөздер Құран Кәрімнің әлемдегі барлық ақиқаттардың кәміл жиынтығы екендігін және барлық шындықтардың онда (бір дәнек тәрізді) бар екендігін көрсетеді. Өйткені, осы сияқты барлық мағлұматтар Құран Кәрімде айқын түрде көрінетін болса, оның ауқымы шексіз болуы қажет болар еді. Сондықтан Құран Кәрімде кейбір шындықтар айқын түрде орын алғанымен басым көпшілігі жасырын түрде орын алған. Осындай жасырын ақиқаттарды тауып, жарыққа шығару, тек қана ілімде тереңдеумен, яғни сырларды түсінетін қабілетті таза ақылмен және жүрек көзімен болмақ.

Осы мақсатқа орай тәпсір әдістемелігі туралы кітаптарда мүфәссір (тәпсірші) ғалымдардың сөзсіз білуге тиісті болған ілімдердің қатарында Алла Тағаланың таңдаулы құлдарына беретін «уәһби ілімі» де орын алады. Бұл ілімге, тек Алла Тағалаға деген тақуалық, жаратылыстар алдындағы кішіпейілділік, дүниеге қарсы зүһд және нәпсіге қарсы тынымсыз күреспен қол жеткізіледі.

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Білгенімен амал еткендерге, Алла білмегендерін де үйретеді» (Әбу Нуғайм, Хилия Х, 15) деген хадисі осы ақиқатқа ишарат етеді.

Демек, Алланың аяттарын түсінуге кедергі болатын тәкаппарлық, мақтаншақтық, көреалмастық, дүниеқұмарлық сияқты жүрек науқастарын тасаввуфи тәрбиемен емдеп, жүректі тазаламаса, пенденің Құранның сырларынан үлес алуы мүмкін емес.

Сондай-ақ, «Дүниеде орынсыз тәкаппарланып менменсігендерді аяттарымды лайықты түрде түсінуден алыстатам» ("Ағраф" сүресі 146-аят) деген Хақ үкімі осыны ашық түрде баяндайды.

Демек, рухани тәрбиемен және жүректі тазалаумен жүрек әлемінде ілгерілеу байқалмаса, Құраннан, әлемнен және адамның сырларын түсіну мүмкіншілігі болмайды.

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: