14
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Құлшылығың болмаса, тоттан тазара алмайсың

Құлшылығың болмаса, тоттан тазара алмайсың

Иман келтіру

«Әй, адам, түр-тұрпатың сом темірден сомдалған пұт сияқты. Бірақ оған мән берме. Жүрегің ақ айнадай тазарып, айналасын анық көрсеткенше ысқылай бер, ысқылай бер, ысқылай бер!

Көңілдің айнасы тот басқан темірдің тотын емес, аппақ күмістің көркемдігін көрсетсін. Тотыққан темір сәуле шашпайды. Бетін ысқылап, егесең тоты кетіп тазарады. Тазарса жарқырайды. Қарасаң түрің көрінеді. Пенденің топырақтан мүсінделген кірпіш тәні темір сияқты қарадүрсін дөрекі келеді. Сонда да қол қусырып отырма. Тәніңді ысқылап егей бер. Әбден қашалып, ысылғанда ішінде құпия жатқан періштенің сипаты көрінеді. Мынаны қаперден шығарма. Тәңірім ақылыңды жарқыратып өсіретін ілім берді. Таза ақылмен жүрегіңді жарқыратып нұрландыр. Құлшылығың болмаса тоттан тазара алмайсың. Құр босқа құмарлықтың аранын аша түсесің.

Құмарлықты ерттеп мінсең жүрегіңді тазалауға жол ашылады. Әлемнің ең мөлдір айнасына айналған «сом темірдің» бетінен дүниедегі барлық жаратылысты көруге болады. Көңіл айнасын тот басып шіріп кетсе, «әлемге зұлыдық таратушы» деген Құран аятының мәні ашыла түседі».

материал «Көңіл сұлтаны» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: