04
Сәрсенбі,
Наурыз

һижри

Дұғаның қабыл болуына күнәдан асқан кедергі жоқ

Дұғаның қабыл болуына күнәдан асқан кедергі жоқ

Иман келтіру

«Раббым! Мені жарылқа. Маған менен кейін ешкімге нәсіп болмайтын патшалық бер» ("Сaд", 35).

Сүлеймен пайғамбар дұғасын тәубе ету және кешірім сұраудан бастады, бұл пайғамбарлардың түсінігі мен ұстанымынан еді. Дұғаның қабыл болуына күнәдан асқан кедергі жоқ! Егер дұғаның қабыл болуы кешіктірілсе, есеп-қисаптарыңды қайта қарап шық та, батпағына батырған күнәларыңа қара!

Көп сұрағаным үшін бермеді деп ойлама. Алла үшін ештеңе артық емес!

Сүлеймен пайғамбар жындарды, желді бағындыруды және құстардың тілін түсінуді сұрады. Бірақ ол сұраудан бұрын алдымен тәубе етуден бастады және Алла оған мұның бәрін берді!

 

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: