«Анығында, оны (нәпсіні) тазартқан мұрат-мақсатына жетеді» ("Шәмс", 9).
Тазару екі жолмен болады: ол – тыйым салынған істі тастап, бұйырылғанды істеу! Адам Алланың әмірін орындағаны үшін де, Оның тыйымдарынан тыйылғаны үшін де сауап алады. Бәлкім, тыйым салынған істі жасамағаны үшін көбірек сауап алады! Өйткені Алла үшін бір нәрседен бас тарту Алла үшін бір әрекет істеуден гөрі ерлікті көбірек талап етеді.
Намаз оқу – зина жасамаудан жеңіл, садақа беру – көзіңді түсіруден оңай, ал Рамазан оразасын ұстау – жыл бойы арамды жемеуден жеңілірек.
Бағыну фитрамен (таза болмыс) үйлесімділікте, сондықтан Аллаға мойынсынумен ол қанағаттанады, ал мойынсынбау сезіммен үйлесімде, оны басуға тырыссаң, ауырады!
материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,
ummet.kz