23
Жұма,
Қаңтар

һижри

Жағдайымызды өзгерту үшін үш қадам қажет

Жағдайымызды өзгерту үшін үш қадам қажет

Иман келтіру

Бүгінгі қоғамда жиі еститін сөздер бар:

«Намаз оқымаймын, себебі Алла тағдырыма жазбаған», «Ажырасқаным тағдыр солай болғандықтан», «Кедеймін, өйткені жұмыс маған бұйырмаған» деген сылтаулар. Бұл ойлардың түп-төркіні – тағдырды дұрыс түсінбеуден туындайды. Тағдыр деген ұғымды бұлай түсіну – Алла мен Оның әділетіне күмән келтірумен тең.

Сонда тағдыр дегеніміз – Алла адамды намаз оқымауға, күнә істеуге, жалқау болуға мәжбүрледі деген сөз бе? Жоқ! Бұл – үлкен қателік әрі адасушылық. Ғалымдар ақида кітаптарында анық айтқан: адамның таңдау еркі бар, ол 100% өзіне жүктелген жауапкершілік. Иә, Алла барлық нәрсені біледі, бірақ адам өз еркімен таңдау жасайды. Сондықтан біз өзімізді алдамауымыз керек.

Жағдайымызды өзгерту үшін үш қадам қажет:

1. Тәубе – өткен қателіктеріміз үшін Алладан кешірім сұрап, шынайы түрде қайту.

2. Білім – дінді дұрыс түсініп, ақиқатты танып, жүрегімізді нұрландыру.

3. Амалы – әрекетке көшіп, еңбектену, намазды бастау, жақсылық жасау.

«Олар (өз еркімен) ауытқыған кезде, Алла олардың жүректерін де ауытқытты. Алла – бұзақы қауымды тура жолға салмайды».

Яғни, адам әуелі өзі ауытқиды, содан кейін Алла оның жүрегін қатаңдатады. Демек, кімде-кім тағдырды сылтау етіп жалқаулыққа, күнәға берілсе – ол өзін-өзі алдаған болады. Нағыз тағдырға сену – ерік берілгенін түсіну, соны дұрыс пайдалану. Қайтадан бастауға, түзелуге, амал етуге жол ашық.

материал «Стамбулдағы тәфәккур» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: