09
Сенбі,
Мамыр

һижри

«Сұрап келгенді кемсітіп, қума» («Дұха», 10)

«Сұрап келгенді кемсітіп, қума» («Дұха», 10)

Иман келтіру

Кейбір адамдар беруді, садақа қылуды тек материалдық дүниелер арқылы беріледі деп ойлайды. Осылайша, жомарттық, берегендік сөздеріне өте тар түсінікпен қарайды.

Жомарттықтың белгілі бір сомасы мен шегі бар деп есептейді. Шындығында мәрттік танытудың небір жолдары бар. Мысалы, басқаларға білім беріп, өмірі мен ақыреті үшін пайдалы болар тәжірибемен бөлісуге арналған уақыт пен күш те – садақа. Құранда «Сұрап келгенді кемсітіп, қума» ("Дұха", 10) деген аят бар.

Кейбір тәпсірші ғалымдар бұл аятта айтылған «сұрап келуші» деген сөзде қаржы сұрап келушімен қатар білім сұрап келуші бірге қамтылған дейді. Сондай-ақ, басқалардың қуанышы мен қайғысына шынайы ортақтаса білу де – садақаның бір түрі. Одан бөлек, түсініспей араздасып қалған екі адамның арасын жарастыру да – садақа. Бауырыңның көңілін жадырататын жылы сөз де – садақа.

Шындықты қолдап, ізгі іске болысу да – садақа. Ол туралы Құран Кәрімде: «Кім жақсылықты қолдаса, оған одан несібе бар. Ал кім жамандыққа болысса, оған да одан бір тиесілісі бар» ("Ниса", 85), – деп келеді.

Басқалардың бақытына себепші болудың ләззатын бір сезінген адам күніне бір адамның болсын жүзіне күлкі сыйлауға тырысады. Оны қуандыру үшін қанша күш жұмсалып, уақыты арналса да, зая кеттіге санамайды, керісінше әрбір сәттен демалады. Әлбетте, шынайы жанашыр, басқаны қуантуға асық жан ең біріншісі Алланың ризалығына жетуді көксейді. Ондай жандар өте қырағы, көреген келеді. Яғни маңайында қиналып жүрген жанды бірден байқайды. Тіпті уайымын жасырып тұрған жалған күлкінің ар жағындағы шынайы сезімін де сезіп, қол ұшын созып, ауыртпашылығын жеңілдететін жолын қарастырады. Әрбір мұңайған жүзді қуандыра алғаны үшін өзін шексіз бақытты санайды.

 

материал Аслан Орақбайдың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: