31
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Бойсұну мен қарсы келудің айырмашылығы

Бойсұну мен қарсы келудің айырмашылығы

Иман келтіру

Пенде күнә жасағанда, оған берілетін атау ғана өзгереді деп ойлайсың ба?

Егер күнә жасау арқылы «АТАУ» ғана өзгеретін болса, сол «атаудың» өзі сенің дәрежеңді түсіріп, қор қылуға жеткілікті. Сен жақсылық жасап жүрген кезінде Алланың алдында «БОЙСҰНУШЫ» деп аталатын едің. Аллаға қарсы келгеніңде, сенің атың «ҚАРСЫ КЕЛУШІ» дегенге ауысады. Бұл – тек атаудың өзгеруі ғана.

Бұдан да ауыр нәрсе бар: ал енді құлшылықтың ләззаты күнәнің ләззатына ауысса, яғни құлшылықтың ЖҮРЕККЕ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ өзгерсе қалай болады?! АЛЛАҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ЛӘЗЗАТЫ ШАҺУАТТЫҢ ЛӘЗЗАТЫНА ауысса не болады?! (Яғни бұрын Аллаға құлшылық етуден рақаттанатын болсаң, енді нәпсі қалауларыңды қанағаттандырудан, күнә жасаудан ләззат алатын боласың). Бұл – ЖҮРЕКТЕГІ СЕЗІМНІҢ өзгеруі ғана.

Алайда өзгеріс мұнымен де бітпейді. Ал енді СИПАТ өзгерсе қалай болады?! Бұрын сен Алланың алдында ЖАҚСЫ СИПАТТАРМЕН танылсаң, кейін іс керісінше болып, күнә жасағаныңда Алланың алдында ЖАМАН СИПАТТАРМЕН белгілі боласың (Сені бұрын Алланың алдында «ІЗГІ ПЕНДЕ» деп сипаттайтын болса, енді «КҮНӘҺАР, ПАСЫҚ» деп айтатын болады). Бұл – СИПАТТЫҢ өзгеруі ғана.

Ең қорқыныштысы – ДӘРЕЖЕНІҢ өзгеруі. Бұрын сен Алланың алдында ІЗГІЛЕРДІҢ қатарында тұрған едің, күнә жасаған соң, БҰЗҒЫНШЫЛАРДЫҢ біріне айналдың. Бұрын Алланың алдында ТАҚУА пенделердің қатарында болсаң, енді Алланың алдында ҚИЯНАТШЫ болып қалдың...

 

материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: