Егер күнә жасап, Раббыңа қарсы келгің келсе, онда сені ешкім көрмейтін орын тауып ал. Аллаға қарсы келуге күш-қуатты да Алладан басқа біреуден алып көр.
Сен мұны істей алмайсың, өйткені барлық күш-қуат — Алланың нығметі. Ал сен Алланың берген нығметін пайдаланып алып, Оған қарсы шығасың ба?! Сен, өкінішке қарай, Жаратушыға қарсы келуді әдетке айналдырып алғансың: бірде ғайбат айтып қарсы келесің, бірде өсек айтып, кейде харамға көз салумен қарсылық танытасың. Осылайша жетпіс жылдық құлшылығыңды бір-ақ сәтте жойып жібересің.
Ей, құлшылықтарын жойып жіберуші пенде! Алла Тағала сенің дәрежеңді көтеру үшін және өзіне жақындату үшін саған қиындық та, қайғы-қасірет те жібереді. Ей, нәпсі қалаулары мен күнәға батқан пенде! Осы күш-қуатыңды рұқсат істерге немесе құлшылыққа жұмсасаң ғой! Өзіне немқұрайды мәміле қылған саған кеңшілік жасап, ардақтап, құрметтеп тұрған Мейірімді Раббыңды қалайша жақсы көрмейсің?!
Біліп қой: адамдардың ешқайсысы сенің пайдаң үшін сенімен бірге жүрген жоқ. Олардың әрқайсысы — өз пайдасы, өз құлқынының қамы үшін сенің жаныңда. Әйелің сенімен жақсы өмір сүргені үшін, әртүрлі киімдер алып бергенің үшін жүр. Балаң «мен сізге арқа сүйеймін» дейді, бірақ сенің қолыңда күш-қуат қалмаса, мал-дүние бітсе — бәрі сенен сырт айналады...
материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,
ummet.kz