31
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Дініңді құнсыздандырудан сақтан

Дініңді құнсыздандырудан сақтан

Иман келтіру

Сен денеңді қатты қорғайсың, ал дініңді тым арзан санайсың! Егер біреу “алдыңдағы тамақ уланған” десе, оны аузыңа да жақындатпас едің. Сосын ол ант етіп, тағамның уланбағанын айтса да, жүрегің сенбей, оны бәрібір жемесің еді.

Тіпті ол тағамның ыдысы бірнеше рет жуылса да, бұдан былай қолданып көруге келмей, лақтырып жіберуге дайынсың. Ендеше неге дініңе де дәл солай сақтық танытпайсың?! Дін мәселесіне келгенде денеңе сақтықпен қарағандай күмәнді, харам нәрселерден неліктен бас тартпайсың?

Алла Тағала саған анаңнан да жұмсақ, ерекше мейірім төгуде. Кішкентай кезінде анаң сені қолына көтеріп, ең жақсы киімдерді кигізетін. Киімің кірлетсең, дереу ауыстыратын. Сен жақсы елді-мекенге келдің. Барлық жер сәжде жасауға жарамды, барлық жер таза. Ал сен киіміңді бүлдіріп, күнәмен ластайсың. Саған көптеген нығмет беріледі, бірақ сен оларды пасық амалдарыңмен кірлетесің.

Үлкен шейхтармен бірге жүру, олармен сұхбаттасу кісінің тура жолда екенін білдірмейді. Шейхтармен бірге жүру — Алланың азабынан құтылудың кепілі емес. Кім Алланы таныпмаса, оған қарсы келеді. Себебі сен Алланың азабынан құтылатыныңа сенімді болдың. Өкінішке орай, кейбіреулер: «Пәлен деген шейхпен бірге жүрдім, пәлен деген шейхты көрдім» деп, өтірік, жалған уәждар айтады. Керісінше, шейхтардың жанында жүру арқылы ол адамда қорқыныш пен үрей арту керек еді. Сахабалар Алла Елшісімен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге жүріп, Алладан ең көп қорыққан кісілер болды.

Кейде байлық адамды Аллаға мұқтаж болудан алыстатады, ал кедейлік Аллаға жақындатып, Онымен бірге болуға септігін тигізеді. Себебі кедей адам Аллаға мұқтаждығын сезінеді. Ендеше Алламен байланысты үзіп қоятын байлықтан Аллаға бастайтын кедейлік жақсы...

 

материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: