31
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Алла – тақ және тақ нәрсені жақсы көреді

Алла – тақ және тақ нәрсені жақсы көреді

Иман келтіру

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтты:

«Расында, Алла – тақ және тақ нәрсені жақсы көреді» (Бұхари, 6410). Яғни Алла дүниемен байланыспаған, жалғыз Өзіне арналған жүректі жақсы көреді. Міне, осындай жүректер Алламен бірге болады. Олар – Жаратушының құзырында болып, нығметіне бөленгендер. Алланың жалғыздығын көре тұра, пенде қалайша Одан басқа нәрсеге арқа сүйей алады?

Шейх Әбу Хасан әш-Шазили (Алла оған разы болсын) былай дейді: «Бірде жүрегімдегі иман нұры қатты күшейді. Мен бұл нұрды жасыруды Алладан сұрадым. Сонда маған былай делінді: “Алланың кәләмы – Мұса (оған Алланың сәлемі болсын), Алланың рухы – Иса (оған Алланың сәлемі болсын), Алланың сүйіктісі әрі таңдаулы елшісі – Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дұға еткен сөздермен сұрасаң да, Ол мұны істемейтін еді. Сен тек оны көтеруге күш сұра. Мен дұға еттім, Алла маған оны көтеретін күш берді”».

Ақыл иелері Алладан ілім үйреніп, Оған тәуекел етіп, Жаратушы жәрдемінде болды. Алла олардың уайым-қайғысын сейілтті. Олар Алладан басқаға арқа сүйеуге болмайтынын білетін. Алланың Өзі ризық беретініне кепілдік бергендіктен, ондай тұлғалар ризығын еш уайымдамастан, Жаратушының бұйрығын орындаумен, құлшылық етумен әуре болды. Осылайша, рақатқа бөленіп, өздерін Аллаға толық тапсырды, сол нәрсенің ләззатын сезінді. Осы себепті Алла олардың нұрын толықтырып, дәрежесін көтерді.

материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: