31
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Мұсылман бауырың күнә жасаса, қалай мәміле қыласың?

Мұсылман бауырың күнә жасаса, қалай мәміле қыласың?

Иман келтіру

Егер балаң күнә жасап қойса, шариғаттың нұсқауы бойынша оған тәрбие бер. Онымен қарым-қатынасыңды үзбе, бірақ жасаған ісіне разы еместігіңді қабат шытып білдір. Бұл оның күнәдан тыйылуына себеп болады.

Егер мұсылман бауырың күнә жасаса, көп жағдайда оның жүрегіне күмән кіреді. Содан соң біреудің айыбын ашып, мазақ етеді, осылайша пенде тура жолдан ауытқып кетеді.

Егер мүмін күнә жасаса, ол үлкен бәлеге душар болады. Онымен қалай мәміле қылу керек? Балаң күнә жасағанда қандай қарым-қатынас қылсаң, мұсылман бауырыңмен де дәл солай мәміле қыл. Сырт келбетіңмен оның ісінің дұрыс еместігін білдір, жүрегіңмен оған мейірім танытып, жанашырлықпен дұға ет.

Мал-дүние берілген кісілердің дәулетін көре алмауың, олардың қолындағы байлықпен жүрегіңді әуре қылуың сенің надан екеніңді білдіреді. Сен олардан да надан болып тұрсың. Себебі олар өздеріне берілген дүниемен әуре, ал сен болсаң, өзіңе берілмеген (біреудің қолындағы) нәрсемен әуре болып жүрсің.

Егер көзің ауырса, оны дереу емдеуге тырысасың. Не үшін? Себебі сен көз арқылы мына таңғажайып әлемге қарап, ләззат аласың. Дүниедегі таңғажайып нәрселерді көре алмай қалудан қорқып, лезде емдеуге тырысасың. Алайда жүрегіңнің соқыр болып қалғанына қырық жыл өтсе де, сен оны емдеуге асықпайсың (Ақиқатты көре алмай қалудан қорықпайсың).»

материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: