Егер адам ақылының қандай дәрежеде екенін білгің келсе, оның алдында бір кісі жайлы сөз қозғай баста.
Егер ол кісіні жаман оймен еске алса не «оны қоя бер, ол осындай-осындай нәрселер жасаған» деп айыбын аша бастаса, білгін: оның ішкі жан-дүниесі ластанған (жүрегі бұзылған), онда еш жақсылық жоқ (ол Алланы танымайды).
Егер әлгі кісінің жақсы жақтарын айтып, ол жайлы дұрыс ойда екенін білдірсе және ол туралы жаман сөз естісе: «мүмкін ол қателескен болар немесе оның бір үзірі бар шығар» деген сөздер айтса, білгін: ол кісінің жан-дүниесі (жүрегі) сау. Себебі мүмін мұсылман бауырының абыройын қорғауға тырысады, айыбын ашқысы келмейді.
материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,
ummet.kz