24
Сәрсенбі,
Маусым

һижри

Амалдарыңды ықыласпен орындауға тырыс

Амалдарыңды ықыласпен орындауға тырыс

Иман келтіру

Сен амалдарыңды көркем түрде, ықыласпен орындауға тырыс. Ықылассыз орындалған амалдың еш пайдасы жоқ. Ықылассыз орындалған көп амал – бағасы арзан киім сияқты.

Ал ықыласпен орындалған аз амал – бағасы қымбат аз киім сияқты. Ол жақұтқа да ұқсайды: жақұттың пішіні кішкентай болғанымен, ол – өте бағалы, қымбат тас.

Кім жүрегін Алламен әуре қылса, азғырушы нәпсінің азғыруынан, жамандығынан емделеді, көп намаз оқып, көп ораза ұстайтын кісілерден абзал болады.

Ықылассыз оқылған намаз – патшаға 100 бос сандықты сыйға тартқанмен тең, ол кісі жазаға лайық болуы мүмкін. Ал ықыласпен оқылған намаз – патшаға 1000 динарлық жақұт сыйлағанмен тең. Патша оған риза болып, рақметін айтып жүреді.

Намазда сен Аллаға жалбарынасың және «Әс-сәләму алайка әйюһан-нәбию уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ» деп Пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөйлесесің. Өйткені арабтар «әйюһар-ражул» сөзін тек жанында тұрған адамға айтады.

материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: