Мына хадисті Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) естідім деп Әбу Хурайра (р.а.) айтты:
«Әр біріңнің жамағатпен оқыған намаздарыңның сауабы жалғыз оқыған намаздарыңнан жиырма бес мәрте артық болады. Түнгі періштелермен бірге күндізгі періштелердің баршасы таң намазына келіп топ-топ болып жиналар»,- деді. Әбу Хурайра (р.а.) айтты: «Егер қаласаңыз, «Әрі таң намазын оқы. Күмәнсіз таң намазына періштелер де қатынасады»,-деген аятты оқындар!»,- деді. Абдулла ибн Омар (р.а.) айтты: «Жамағат намазының дәрежесі жиырма жеті есе артық»,- деді.
Үмму Дарда (р.а.) риуаят етті: «Әбу Дарда алдыма ашуланып кіріп келді. Мен оған: «Неге ашуландыңыз?»,- дедім. Ол. «Аллаға ант етіп айтамын, Мұхаммед (с.ғ.с.) үмбетінің жамағатпен намаз оқудан бөлек бірер сауапты іс қалмады»,- деді.
Әбу Мұса (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Намаздан ең көп сауап алатын адам – мешіттен ең ұзақта тұратын адам, өйткені ол көп жүріп, көбірек азап шегіп келеді. Жамағатпен бірге намаз оқуды күтіп жатқан кісіге тиетін сауап, өзі намазды оқып, жатып алған адамға тиетін сауаптан көбірек артық»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,
ummet.kz