Ибн Омар (р.а.) тамақтанып алған соң, намаз оқитын еді. Жүрегімен беріліп намаз оқу үшін әуелі қажетін өтеп алушының кісінің білімділігінен»,- деді Әбу Дарда.
Айша анамыз риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Егер алдыңызға кешкі тамақты алып келген болса, сол кезде намазға тәкбір айтылса, бірінші тамақты жеп алыңыз»,- деп айтқан.
Әнәс ибн Мәлік риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кешкі тамағыңыз дайын болса, шам намазын оқудан бұрын тамақты жеп алыңыздар. Тамақты асықпай жеңдер»,- деді.
– Ибн Омар риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Егер кешкі тамағыңды алдыңа алып келсе және сол кезде намаз уақыты болып қалса, бірінші тамақты жеп ал, асықпастан тойып ал»,- деген. Ибн Ғұмар алдына тамақ қойылса, намазға тәкбір айтылса, тамақты тойып жеп алғанша, намазға келмейтін еді. Имамның оқығанын естіп тұрса да, тамақтануды жалғастыра беретін еді..
Ибн Омар риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Қайсы бірің тамақтанып жатқан болсаңдар, намазға тәкбір айтылса, тамаққа тойғанша намазға асықпаңыз»,- деген.
материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,
ummet.kz