Ибн Аббас (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) денесінің жеті мүшесімен сәжде қылуды бұйырып, шашты артқа қарай тарауға және киімді (етегін, жеңін) бүктеуді тиды. Осы жеті мүше: маңдай, екі қол, екі тізе және екі аяқпен сәжде қылуды бұйырды»,- деді.
Ибн Аббас (р.а.) риуаят етті: «Шашты артқа қарай тарамауға, киімді артқа қайырмауға және жеті мүшемен сәжде қылуға бұйырылдық»,- деді.
Барра ибн Азиб (р.а.) (ол жалған сөйлемейді) риуаят етті: «Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ұйып намаз оқитын едік. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Самиғаллаһу лиман хамидаһ» дегенінде, сәждеге басын жерге қоймағанына дейін бірде-біреуміз белімізді имейтінбіз»,- деді.
Ибн Аббас (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) денесінің жеті мүшесімен маңдай (қолдары мен мұрнын көрсетті) екі қол, екі тізе және екі аяқтың ұшымен сәжде қылуға және шашты артқа қарай тарамауға, киімді артқа қайырмауға бұйырылдым»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,
ummet.kz