07
Жұма,
Ақпан

һижри

Намаз оқушы тәкбір тахримадан кейін не оқиды?

Намаз оқушы тәкбір тахримадан кейін не оқиды?

Намаз

Әнас (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.), Әбу Бәкір (р.а.) және Омар (р.а.) намазды «Әлхамду лилләһи рабби-л-ғаламин»,- ді оқумен бастайтын»,- деді.

Әбу Хурайра (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тәкбір тахрима мен намаз қирааты арасында тыныш (үндемей) қалатын»,- деді. Сонда Әбу Хурайра (р.а.) «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) біраз үндемей қалатын еді»,- деп айтқан секілді еді.

Әбу Зар (р.а.) айтты: «Мен бір күні Пайғамбарымызға (с.ғ.с.): «О, Расулалла, ата-анам хақы құрметі, тәкбір тахрима мен намаз қирааты арасында үндемей қалғаныңызда ішіңізден не оқисыз?»,- деп сұрадым деді.Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Иләһи, менімен қателерімнің арасын Мағрип пен Машриқ арасындай алыс ете гөр, әппақ матаға тиген дақты су, қар және мұзбен жуып кетіргендей, мені күналарымнан пәк еткің деймін»,- деп жауап берді»,- деді.

Асма бинти Әбу Бәкір (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) күн тұтылғанда оқылатын намазды (Солат-л-кусуф)» оқыды. Қиямда ұзақ тұрып қалды. Кейін рүкүғ қылды, рүкүғта да ұзақ тұрып қалды. Кейін және рүкүғ қылды, бұл жолы да ұзақ тұрып қалды. Содан соң бойын тіктеп, одан да ұзағырақ тұрып қалды. Содан соң ұзақ рүкүғ қылды. Кейін сәжде қылды, сәждеде ұзағырақ тұрып қалды. Сәждеден басын көтеріп және сәжде қылды. Бұл жолы да ұзағырақ тұрып қалды. Содан соң қиямға тұрып, ұзақ үндемей қалды. Кейін ұзақ рүкүғта тұрды, содан соң тұрып қиямда ұзақ тұрды, кейін және рүкүғ қылды, рүкүғта ұзақ тұрды. Содан соң рүкүғтан тұрып, қиямда ұзақ тұрды, кейін және рүкүғ қылды, рүкүғта ұзақ тұрды, сосын рүкүғтан тұрып және сәжде қылды, сәждеде ұзақ тұрды, кейін сәждеден басын көтеріп және сәжде қылды, сәждені ұзақ етті. Содан соң намазды бітіріп бұрылды да, былай айтты: «Осы қазір ғана маған жәннат өте жақын келді, тіптен, батылдық қылып, оған қолымды созсам, жемістерінен сендерге алып берген болар едім. Тозақта солай маған жақын келгені сондай, тіптен: «Я Раббым,, мен солармен біргемін бе? (Солармен бірге мені де азаптағайсың ба?)»,- деп жібердім. Тіптен мысық тырнап, азаптап жатқан әйелге көзім түсті: «Бұның не күнәсі бар?»,- дедім. «Мысықты қамап қойып, оған тамақ бермеген, өзі тамақ тауып жесін деп те қоя бермеген, нәтижесінде мысықты аштан өлтірген»,- деді.

Нафиғ айтты: «Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Өзі тамақ тауып жесін деп те қоя бермеген»,- деген секілді»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: