14
Сенбі,
Маусым

һижри

Омардың (р.а) жаралы кезінің өзінде таң намазын оқуы

Омардың (р.а) жаралы кезінің өзінде таң намазын оқуы

Намаз

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) саңлақ сахабалары намазға ерекше мəн беретіні соншалық – сол жолда еш нəрсе оларға кедергі бола алмаған.

Соғыс, жарақат, тіпті өлімнің өзі шыбын шаққан құрлы болмаған. Бұл дүниеде жəннатпен сүйіншіленген саңлақ сахабалардың бірі əзірет Омарға (р.а) бірде қастандық жасалады. Жарасынан қан аққанына қарамай таң намазын оқыған, тіпті намазды тəрк етуді ойына да алмаған.

Хандəк соғысында жараланған Сағд ибн Рəби (р.а) үшін мешіттің ішіне шатыр тігіледі. Ол сахаба денесінен қан аққанына қарамай намазын оқып, сол жерде жан тапсырады. Мына ғажап оқиғаға қараңыз: Сахабалар Пайғамбарымызбен бірге Затуррика жорығына шығады. Бір жерге келгенде аялдап, демалуды бұйырған Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) Аббад ибн Бишр мен Аммар ибн Ясирді өткелге күзетке қояды. Өткелдің аузына келген соң екі сахабаның бірі Аммар демалуға жатады, ал Аббад намаз оқи бастайды. Сол сəтте оларды байқап қалған бір мүшрік намаз оқып тұрған Аббадты көре салысымен оқ ата бастайды. Садақ оғы дəл Аббадқа барып тиеді. Алайда əзірет Аббад садақ оғын қолымен алып тастап намазын жалғастыра береді. Мүшрік оның əлі намаз оқып тұрғанын көріп, оғым тимеген екен деп қайта оқ атады. Осылайша үш рет садақ атады. Аббад намаз оқуын тоқтатпайды. Біраз уақыттан соң ұйқыдағы жолдасы оянады. Мүшрік олардың екі кісі екенін көріп қаша жөнеледі. Аммар жолдасынан аққан қанды көріп:

– Субханаллаһ! Саған алғаш оқ тигенде мені неге оятпадың? – деп сұрайды. Сонда Аббадтың берген жауабын қараңыз: – Ғажап бір сүре оқып жатқанмын, намазды үзгім келмеді, – дейді. (Kутуб Ситтə, 10, 199)

Басқа бір риуаятта «Егер Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) тапсырған күзет міндетін ақсатудан қауіптенбеген болсам, жан тапсырғанға дейін намаз оқыр едім» деген екен. Денеге қадалған садақ оғының өзін инедей көретін бұл неткен керемет иман, қандай ғажап бойсұнушылық?!

Міне, сахаба өмірінде намаздан артық құлшылық, одан құнды іс жоқ. Сол жолда жандарын, мал-мүліктерін, бар нəрселерін пида етуден тайынбаған. Осыған қарағанда, намаз – ең құнды жанның өзін пида ететіндей маңызды, лəззатты бір құлшылық. Мынаны да естен шығармаған жөн. Əзірет Аббадтың өтеген намазы – парыз намаз емес нəпіл намаз еді. Сахабалар заманауи мұсылмандардың намаз оқымау үшін айтқан сылтауларын естісе таң қалатын шығар, бəлкім, күлетін шығар.

материал «Таң намазына тұрғың келсе...» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: