06
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

«Намаз оқиын десем, үстім таза емес»

«Намаз оқиын десем, үстім таза емес»

Намаз

Кей адамдар бүйректен сирақ шығарып сылтау айтады. Кейбіреуі шынымен адам үсті кірленетіндей жерлерде жұмыс жасайды. Ал кейбірі болса үстінің таза болмағандығын сыныққа сылтау етеді.

Егіншілік, құрылысшы, ұсталық жəне мал бағу секілді кісінің үстін кірлететін жұмыстармен айналысатын адамдардың намаз оқымауына ешбір үзір жоқ, негізінде. Денеде бір ақау болып, дəреттің жиі бұзылуына себеп болуы үзір деп саналады.

Əуелі, дінде намазға кедергі келтіретін кірлердің не екенін жақсылап біліп алу керек. Шаң, тозаң, топырақ жəне май секілді заттар намазға кедергі келтірмейді. Дінде лас болып есептелетіндер мына нəрселер: қан, ірің, спирт жəне ауыр, жеңіл нəжіс сияқтылар жатады. Ханафи мəзһабы бойынша, ауыр ластықтардың өзі бір дирхамдай мөлшерде болса, мəкруһ болғанымен намазға кедергі болмайды. Үш грамм салмағында болса кедергі болмайды.

Оны былай қойғанда, үсті-басымыз өте лас болған күннің өзінде бір шешімін табуымыз керек. Жұмыс киімі, спорт киімі жəне ұйқы киімі дегендердің түр-түрімен алғанда, неліктен мəңгілік мекеніміздің кілті болған намаз үшін арнайы киім алып қоймаймыз?

Жалпы «киімім таза емес» деген сылтауды алға тарту оп-оңай əрине. Бір отаға кіріп ауруханада жатқан едім. Бес уақыт намазын өтейтін өте діндар досым болды. Ота болғаннан кейін намаз оқымауды шығарды. Əрдайым мешітте көретін досыма не көрінді десеңізші? Сауығып кеткеннен кейін де намазын оқымайтын болды. «Не себепті намаз оқымайсың?» – деп сұрадым. «Ота болғаннан кейін іш киімім кірленуде, намазға кедергі келтіретіндіктен намаз оқи алмай жүрмін», – деді. «Төсектен тұрдың ғой. Енді жууға да шамаң келеді. Егер шамаң келмесе менен өтінсең жуатын едім», – дедім. «Рахмет ұстазым, бұлай ойламаппын», – деген соң «Төмендегі бутикте іш киім сатылады. Ақшаң болмаса ұйқы киімің таза, іш киімсіз де оқи беруіңе болатын еді», – дедім.

Кейін қайта оқи бастады. Бірақ сондай бір үзірі болмай тұрып, сол уақытқа дейін 15-20 күндей намазы қаза болды. Тіпті өте ауыр үзірі жоқ бола тұра.

Арамыздағы əңгімені өте қарапайым əрі түкке тұрғысыз нəрседей қарайтын шығарсыз. Бірақ осы оңай нəрселердің шешімін өзі ойланып қабылдағанында, бірнеше күндік намаздарын қазаға жібермейтін еді. Олай болса, бір уақыт намаздың өзі күллі дүниелік игіліктерден əлдеқайда қайырлы.

материал «Таң намазына тұрңың келсе...» кітабынан алынды,

ummet.kz 


Бөлісу: