Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әйелі Айша анамыз (р.а.) айтты:
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жақындық (жүніп) қылғаннан кейінгі ғұсылды бірінші қолын жуудан бастайтын. Кейін намазға дәрет алғандай етіп дәрет алатын. Содан соң қолдарын суға салып сулап, шашының арасына саусақтарын кіргізіп ысқылап, басына үш шөміш су құятын. Содан кейін денесінің барлық жеріне су құйып жуатын»,- деді.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әйелі Мәймуна анамыз (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намазға дәрет алғандай етіп дәрет алды. Бірақ аяқтарын жумады. (мұстахаб етті). Содан соң мәни тиген жерді жуып тастады. Одан кейін үстіне су құйып, денесінің барлық жерін жуды да, шетке шығып тұрып екі аяғын жуды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жақындық қылғаннан кейінгі еткен ғұсылы, міне, осылай»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz