06
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Күн ысып кетсе, намазды салқын түскенде оқуға бола ма?

Күн ысып кетсе, намазды салқын түскенде оқуға бола ма?

Намаз

Абдулла ибн Омар (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Күн қатты ысып кетсе, намазды салқын түскенде оқыңыз, өйткені қатты ыстық жәһаннамның шарпыған ыстығы сияқты»,- деді.

Әбу Зар (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) азаншысы бесін намазына азан айтты. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Салқындатқыл, салқындатқыл (яғни күннің салқындауын күт, күннің салқындауын күт!) Қатты ыстық жәһаннамның шарпыған ыстығы сияқты. Күн қатты ысып кетсе, төбешіктер жанында көлеңке сая пайда болғанын көргенімізше, намаз оқымай тұра тұрыңыз!»,- деді.

Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) күн қатты ысып кетсе, бесінді салқын түскенде оқыңыз, қатты ыстық жәһаннамның шарпыған ыстық лебі сияқты! Жаһаннамның оты Алла Тағалаға арызданып: «Я Раббым, өзімді-өзім жеп қойдым»,- деді. Сонда Алла Тағала оған екі рет сыртқа дем шығаруға рұқсат етті. Бірін - жаздағы қатты ыстық болған кезде, екіншісі - қыстағы қатты суық аязда.

Әбу Сағид (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Күн қатты ыстық болып кетсе, бесін намазын салқын түскенде оқыңыз, қатты ыстық жәһаннамның лебі сияқты!»,- деді.

Әбу Зар (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге сапарда едік. Азаншы бесін намазына азан айтпақшы болды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Салқынның түсуін күте тұр!»,- деді. Кейін, тағыда азан айтпақшы болды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Төбешіктердің жанында көлеңке пайда болғанын көрмегенімізше, күте тұр!»,- деді да, «Қатты ыстық жәһаннам лебі сияқты, егер күн қатты ыстық болып кетсе, намазды салқын түскенде оқыңыз!»,- деп қосып қойды»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: