Ибн Омар (р.а.) намаз оқып жатып, киіміне қан жұққанын көрсе, оны шешіп тастап, намазын жалғастыра беретін.
Ибн әл-Мусаййб және әш-Шағбий (р.а.): «Егерде бірер кісі намаз оқып жатқанында киіміне қан немесе мәни жұққаның немесе қыбланы шатастырғанын әлде таяммум соққаны туралы біліп қалса, су іздеген уақытында намаз қаза болмағыны біліп қалса, намазды қайтадан оқымайды»,- деген.
Абдулла ибн Масғуд (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Қағбаның жанында намаз оқып жатқан болатын. Сол жерге жақын маңда Әбу Жаһл (Ислам дұшпаны) мен оның адамдары сөйлесіп отырған еді. Олар өзара бір-бірлеріне қайсы бірің пәлен қауымның сойған түйесінің қан-жынын алып келіп, оның үстіне (арқасына) төге аласың?!»,- деді. Сонда олардың ішіндегі қаскөй біреуі барып, түйенің қан-жыңың (қарынның ішіндегі нәжіс) алып келіп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сәжде баруын аңдып тұрып, екі жауырынының арасына төкті. Абдулла ибн Масғуд (р.а.) айтады: «Мен осының бәрін көріп тұрсам да, мүмкіншілігімнің жоқтығынан еш нәрсе істей алмадым, егерде күш-қуатым болғанда ғой...деймін»,- деді. Бұл көрініске бір-бірін саусақтарымен көрсетіп, мүшіріктер ішек сілелерінің қатқандарынша күлісе бастады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қызы Фатима жүгіріп келіп үстіндегі түйенің қан-жының тазалап алып тастағанша сәждеден басын көтермеді. Қызы түйенің қан-жының тазалап алып тастағаннан кейін ғана басын көтеріп: «Я Раббым, құрайыштарды пәлекетке ұшырат!»,- деп үш рет қайталап дұға етті. Ибн Масғуд (р.а.) айтты: «Оларға теріс дұға істелгені қатты батты. Өйткені олар бұл шаһарда істелген дұғаның қабыл болатынын жақсы білетін»,- деді. Содан соң Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) аттарын атап тұрып: «Я, Раббым, Ғамр ибн Хишамды, Ғуқба ибн Рабиғаны, Шайиба ибн Рабиғаны, әл-Уалид ибн Ғутбаны, Умаия ибн Халафты, Ғуқба ибн Әбу Муғайтты, пәлеге душар ет!»,- деп дұға етті. Жетінші кісінің де атын атап айтты, бірақ біздің есімізде қалмапты.
Абдулла ибн Масғуд (р.а.) айтты: «Жаным қолында болған Алламен ант етіп айтамын, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) аттарын атағандардың барлығының Бәдір соғысында өлтіріліп, құдыққа тасталғандарын анық көрдім»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz