06
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Ғұсыл құйынғанда ауыз бен мұрынды шаюдың үкімі

Ғұсыл құйынғанда ауыз бен мұрынды шаюдың үкімі

Намаз

Мәймуна анамыз (р.а.) риуаят етті:

«Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ғұсыл құйынуы үшін су құйдым. Сонда екі қолын буынына дейін екі-үш рет жуды. Кейін сол қолына су алып, мұстахап қылды. Содан соң ол қолын жерге ысқылап сүртті де, жуып тастады. Содан кейін аузы мен мұрнын шайды. Бетін, екі қолын шынтағына дейін жуып, бүтін денесіне су құйды. Кейін шетке шығып, аяқтарын жуды»,- деді.

Айша анамыз (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жақындық қылғаннан кейін ғұсыл құйынатын болса, хилаб (хош иісті су) алып келуді бұйыратын. Оны алақанына құйып, алдымен басының оң жағына, кейін сол жағына сүртетін»,- деді. (Кейде екі алақанымен де сүртетін делінеді)

Ибн Аббасқа (р.а.) Мәймуна анамыз былай деп риуаят еткен екен: «Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ғұсыл құйынуы үшін су құйып бердім. Қолын жуды, кейін әуретін жуды. Содан соң қолын жерге ысқылап сүртті де, жуып тастады. Содан кейін аузы мен мұрнын шайды. Бетін жуып басынан су құйды. Кейін шетке шығып аяқтарын жуды. Сүртінетін орамал беріп едім, онымен сүртінуді қажетсінбеді.

Мәймуна анамыз (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жақындық қылғаннан кейін ғұсыл құйынды. Бірінші әурет жерін жуды. Содан кейін қолдарын дуалға ысқылап, жуып тастады. Кейін намазға дәрет алғандай етіп дәрет алды. Дәрет алып болған соң аяқтарын жуды»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: