Саъид ибн Язид (р.а.) айтты:
«Мен Әнас ибн Мәліктен: « Пайғамбарымыз ( с.ғ.с.) аяқ киімінде тұрып намаз оқушы ма еді?»,-деп сұрадым. Әнас: «Иә»,- деді. Ескерту: ( Бұл туралы Имам Әбу Ханифа: «Аяқ киімнің табаны құрғақ және таза болса, онда намаз оқуға болады, ал егер табаны ылғал немесе нәжіс тиген болса, оны жуып тазалау керек»,- деді)
Һаммам ибн Харис (р.а.) айтты: « Жарир ибн Абдулланы көрдім, ол кіші дәрет сындырды, кейіннен дәрет алды, мәсісіне масих тартып, содан соң намаз оқыды. Одан мәсих тарту туралы сұрағанымда ол: «Пайғамбарымыздың ( с.ғ.с.) осылай істегенін көрдім»,- деді. Ибраһим айтты: «Жарир ибн Абдулланың бұл сөзі қауымға ұнады. Өйткені ол кісі иман келтіріп, дінге кірген сахабалардың ең соңғысы еді»,- деді.
Муғира ибн Шуғба айтты: « Пайғамбарымызға ( с.ғ.с.) дәрет алуы үшін су бердім ( ол кісі дәрет алды). Мәсісіне мәсих тартып, намаз оқыды»,- деді.
материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz