Абдулла ибн Әби Ауфадан жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді:
«Біреудің Алладан немесе адамдардан бір мұқтаждығы болса, жақсылапдәрет алып, соданкейінекірәкәғәт намаз оқып, содан соң Аллаға мадақ айтып, Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтсын. Кейін «Мейірімді, Жомарт Алладан басқа Құдай жоқ, Ұлы Арштың Раббысы – Алла кемшіліктерден пәк. Бар мадақ әлемдердің Раббысы тек Аллаға тиесілі. Мен Сенен Сенің мейіріміңе және Сенің кешіріміңе жетелейтінді, [сондай-ақ] барлық игі амалдардың олжасын, бар күнәлардан қорғауыңды сұраймын. Менің барлық күнәларымды кешіре гөр және барлық қиыншылықтарымды және мұқтаждықтарымды шеше гөр, уа, Аса Мейірімді!» – деп айтсын».
(Ләиләһәилләллаһу-л Хәлиму-л-Кәрим. Субхана ллаһи Раббил ‘аршил ‘азым. Әлхәмдулилләһи Раббил ‘аләмин, асъәлукә муджибәти рахмәтикә уә ‘азәимә мәғфиратикә уә-л ғанимәтә мин кулли биррин уә ссәләмәтә мин кулли исмин. Лә тәд’у ли зәнбән иллә ғафәртәһу уәлә хәммән иллә фәрраджтәһу уәлә хәжәтә һия ләкә ридан иллә қадайтаһа йа Архәмә Рахимин) (Әт-Тирмизи, № 479; Ибн Мәжә, № 1384).
материал «Салауат байрағы» кітабынан алынды,
ummet.kz