05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Тәкбір айтылғаннан соң бір себеппен мешіттен шықса бола ма?

Тәкбір айтылғаннан соң бір себеппен мешіттен шықса бола ма?

Намаз

Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті:

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бөлмесінен шықты. Намазға тәкбір айтылды, саптар түзелді. Намазға тәкбір тахрима айтылуын күтіп тұрған едік, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Орындарыңыздан қозғалмаңыздар!»,- деп бөлмесіне кіріп кетті, біз сол бойымызда тұрып қалдық. Біраздан соң шаштары дымқыл, басынан су тамып тұрған бойы қайтып шықты, ол кісі ғұсыл алған екен»,- деді.

Абдулла ибн Әбу Қатаданың (р.а.) атасы риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Тәкбір айтылып жатқанда сапқа тұрмаңыз. Тыныштық сақтаңыз!»,-деп айтқан»,-деді.

Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті: «Намазға тәкбір айтылды, адамдар саптарын түзеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бөлмесінен шығып, 318 алдыға өтті. Ол кісі жүніп халде екен: «Орындарыңыздан қозғалмаңыздар!»,- деп бөлмесіне қайта кіріп кетті. Содан кейін ғұсыл алып шықты, шаштары дымқыл, басынан су тамып тұрған еді. Кейін жамағатпен бірге намаз оқыды»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: