05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Жүніп адам ғұсыл құйынбай, тек дәрет алып жатса бола ма?

Жүніп адам ғұсыл құйынбай, тек дәрет алып жатса бола ма?

Намаз

Әбу Сәлама (р.а.) айтты:

«Айша анамыздан (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жүніп болған күйі жататын ба еді?», - деп сұрадым», - деді. Айша анамыз (р.а.): «Иә, дәрет алып жататын»,- деп жауап берді. 

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): «Ғұсыл құйынбай жатсақ болады ма?», - деп Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Иә, егерде біреулерің жүніп болсаңыз, дәрет алып жатса болады», - деді.

Әбу Хурайра (р.а.) айтты: «Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ғұсылым жоқ кезде жолығып қалдым. Ол кісі менің қолымнан ұстады. Ол кісі бір жерге барып отырғанынша бірге бардым да, кейін ақырын ғана кетіп қалдым. Ғұсыл құйынып қайтып келдім. Ол кісі әлі отыр екен. Кейін: «Ей, Әбу Хурайра қайда болдың ?», - деді. Мен не істегенімді айтып бердім. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Субханалла, ей, Әбу Хурайра, мүмин адам лас (нәжіс) болмайды», - деді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: