Айша анамыз (р.а.) риуаят етті:
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намаз оқитын еді, мен ол кісінің орнында қыбла жақта көлденеңнен жататынмын. Үтір намазын оқымақшы болса, мені оятатын. Ол кісімен бірге мен де үтір намазын оқитынмын»,- деді.
Айша анамыз (р.а.) айтты: «Аяғымды созып жатқан едім. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) келіп, аяқ жағымда намаз оқи бастады. Ол кісі сәжде қылатын кезінде мені түртіп қоятын, мен бірден аяғымды жинап алатын едім. Егер қиямға тұрса, аяғымды қайтадан созатын едім. Сол уақыттарда үйлерде (шам) шырақ болмайтын»,- деді.
Айша анамыз (р.а.) риуаят етті: «Айша анамыздың алдында намазды бұзатын нәрселер туралы сұхбат беретін еді. Сахабалар: «Намаз оқушының алдынан ит, есек немесе әйел адамның өтуі намазды бұзады»,- десті. Сонда Айша (р.а.) анамыз: «Бізді итке теңестірдіңдер ме?!. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мен қыбла жақта орындықта жамбастап жатқанымда келіп, намаз оқи бастады. Ол кісінің қыбла жағында көлденеңдеп жатуды дұрыс көрмей, ақырын ғана орнымнан тұрып шығып кететін едім»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz