05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Бесін намазына ертерек барудың артықшылығы

Бесін намазына ертерек барудың артықшылығы

Намаз

Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті:

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Бір күні бір адам көшеде кетіп бара жатыр еді. Ол жолда жатқан тікенді көріп, шетке қарай алып тастады. Алла тағала оның қылған ісіне разы болды және күналарын кешірді. Мына бес түрлі себеппен өлген кісілер шаһид болар: «Обадан өлгендер, іш ауруымен өлгендер, суға батып өлгендер, бір нәрсенің астында қалып өлгендер және Алла Тағаланың жолында жиһат қылып өлгендер. Адамдар азан айтудың және намазда бірінші сапта тұрудың қаншалықты сауап екенін білсе, еш амалын таппаса да, шек тастап өз ниеттеріне жеткен болар еді. Намазға ертерек барудың қандай сауабының бар екенін білсе, мешітке қарай бір-бірінен озып жүгірісер еді. Құптан мен таң намазының сауабын білген болса, еңбектеп болса да баратын еді»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: