Асуад (р.а.) риуаят етті:
«Айша анамыздың алдында отыр едік. Жамағатпен бірге намаз оқу және оның абзалдығы турасында сөйлесіп отырғанымызда, Айша анамыз (р.а.) мыналарды айтып берді: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қайтыс боларының алдындағы науқас күндерінің бірінде азан айтылды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Әбу Бәкірге (р.а.) бұйырыңыз, имамдыққа өтсін!»,- деді. «Әбу Бәкір (р.а.) көңілі өте бос адам, сіздің орнынызға имамдық ете алмас»,- десті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) баяғы айтқан сөздерін қайталады. Айша анамыз бен басқалары және айтты. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үшінші рет: «Сіздер әйелдер Жүсіптің қиссасындағы Зылиха және оның құрбыларына ұқсаған әйелсіндер (Бұл жерде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Айша анамызды айтып тұр) Әбу Бәкірге бұйырыңыз жамағаттың алдына өтіп имамдық етсін!»,- деді. Әбу Бәкір (р.а.) шығып имамдыққа өтті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзін біраз жеңіл сезінді. Содан соң екі кісі қолтықтап намазға алып шықты. Науқастығынан аяқтарын әрен басып бара жатқаны қазірге дейін көз алдымда. Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) намазға шығып келе жатқаның көріп, орын босатпақшы болды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Орнында тұр!»,- деп ишара қылды. Содан соң Әбу Бәкірдің қасына келіп отырды. Ағмаштан (р.а.): «Әбу Бәкір Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ал адамдар Әбу Бәкірге ұйыды ма?»,- деп сұрасты. Ағмаш: «Иә»,- деген мағынада басын изеп қойды. Әбу Мұғауия бұған қосымша: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намазды Әбу Бәкірдің сол жағында отырып оқыды, Әбу Бәкір болса тік тұрып оқыды»,- деді.
Ғубайдулла ибн Абдулла (р.а.) Айша анамыздан (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) науқастанып қалған уақытта тәуір болғанға дейін менің үйімде болмақшы екенін айтып, әйелдерінен рұқсат сұрады. Олар өз ризашылықтарын білдірді. Кейін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) екі кісінің демеуімен аяқтарын зорға басып, менің үйіме келді. Бір қолтығынан Аббас, ал екінші қолтығынан және бір кісі демеп алып шықты»,- деді.
Ғубайдулла айтты: «Айша анамыз (р.а.) айтып берген хадисті Ибн Аббасқа айтып бердім»,- деді. Ол менен: «Айша анамыз (р.а.) атын айтпаған адамның кім екенің білесің бе?»,- деп сұрады. Мен: «Жоқ»,- дедім. Ибн Аббас ол: «Әли ибн Әбу Талиб»,- болатын»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz