Намазды аяқтар кезде оң жағына, содан соң сол жағына «әссәләму аләйкум уә раһматуллаһ», деп, сәлем беру – уәжіп.
Сәлем бергенде иығыңа мойын бұру – мұстахаб.
Әзіреті Әлінің риуаят етуі бойынша Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Намаздың кілті – дәрет, тахримі (намазға бастағанда одан тыс әрекеттерден тыйылу) «Аллаһу әкбәр» деумен басталады, сәлем берумен бітеді, – деген.
Тирмизидің сүнәнында риуаят еткен сахих хадисте сахаба Абдулла ибн Масғұд былай дейді: Пайғамбарымыз жағы мен сол жағына «әссәләму алейкум уә раһматуллаһ, әссәләму алайкум уә раһматуллаһ», деп, сәлем беретін».
Имамға ұйыған кісі имамнан бұрын сәлем бермейді. Имаммен бірге немесе одан кейін сәлем береді.
Сахаба Итбан ибн Мәлік (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымызға (с.а.у.) ұйып (артында) намаз оқығанымызда ол кісі сәлем берген сәтте біз де сәлем беретін едік» (Мұхтасар Сахих Бұхари, 2/217-бет)
материал «Дәлел-дәйектермен намаз оқу үлгісі» кітабынан алынды,
ummet.kz